Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді
17.03.2024
A+
A-

Жаңалықтар
Жұмыс сапарлары
Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді
2024 жылғы
Атырау қаласы

 

 

 

 

Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.

– Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар жасайды. Мұндай қадамдар, түптеп келгенде, әр адамға, әр шаңыраққа береке әкеледі. Сол арқылы еліміздің ынтымағы арта түседі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам дінін төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін айтып, ата дініміздің адамзатты мейірімді, адал, білімпаз және еңбекқор болуға үндейтінін жеткізді.

– Осы асыл қасиеттер халқымыздың салт-дәстүрінен де айқын көрінеді. Өздеріңізге мәлім, мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Құрылтай кезінде де айттым. Еліміздің әрбір тұрғыны нағыз «Адал азамат» болуы керек. Біз жас ұрпақтың бойына ұдайы жақсы қасиеттерді сіңіре беруіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, озық ел болу үшін азаматтарымыздың мінез-құлқы, іс-әрекеті, ойы, ниеті – бәрі де соған сай болуы керек. Бұл орайда жастарға адал еңбекпен табысқа жету қажеттігін түсіндіру, ел ағаларының өмірлік тәжірибесін үйрету өте маңызды.

Бұған қоса, Президент бүгінгі Ұлттық құрылтай жиынында дін мен дәстүрдің бірлігіне арнайы тоқталғанын атап өтіп, ұлттық болмысымыздың арқауы саналатын осы екі құндылықты бір-біріне қарсы қойып жүрген теріс ағымдар жөнінде алаңдаушылығын білдірді.

– Ашығын айтсақ, дін мәселесі бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек. Бұған салт-дәстүрімізді сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы төтеп бере аламыз. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айрықша рөл атқаруға тиіс. Иман жолына бет бұрған жастарға дұрыс бағыт сілтеу – өте маңызды міндет. Мүфтият осы іске баса мән беріп, мұқият айналысқаны жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің жаңашылдық пен жасампаздық жолына түскеніне назар аударды. Бұл – Наурыз мерекесімен және Ислам құндылықтарымен толық үндесетін сара жол.

– Биылдан бастап елімізде әз-Наурыздың онкүндігін жарияладық, яғни әр күнді ерекше атап өтетін болдық. Бүгін 15 наурыз – «Қайырымдылыққа» арналған. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізде көптеген игі істер жасалуда. Халқымыз жанашырлық, тілеулестік, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін іс жүзінде көрсетіп жатыр. Бұл, шын мәнінде, озық қоғамға тән сипат деуге болады, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ауызашарда Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жақанұлы, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сөз сөйледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-atynan-ulttyk-kuryltay-katysushylaryna-auyzashar-berildi-1523716

 

 

Profesyonel Emlak