Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады
22.06.2023
A+
A-

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады

2023 жылғы

 

 

Шағын және кеңейтілген құрамда өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

 

 

 

 

Мемлекет басшысы өз сөзінде шақыруын қабыл алып, Қазақстанға арнайы сапармен келгені үшін Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бүгінгі келіссөздерде екіжақты байланыстарды нығайту жолдары талқыланып, өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқанын атап өтті.

– Биыл Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 31 жыл толды. Осы уақыт ішінде жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасты. Өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы кеңейді. Серіктестікті жандандыру үшін әлеуетіміз мол екенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл жобалар екі елдің студенттері мен мамандары арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Экономиканы, өндіріс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдени-гуманитарлық байланыс саласы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Германияда 1 миллионнан астам бұрынғы отандастарымыз тұрады. Бұл – халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсетін «алтын көпір». Біз осы саладағы ықпалдастықты тереңдетуге ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық әріптесі. Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді. Сондай-ақ осы елді мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі төрт мемлекеттің бірі саналады.

Бұдан бөлек, Президент «Технологияларды шикізатқа алмастыру» формуласына негізделген қатынас екі тарап үшін де нәтижелі болады деп санайтынын мәлімдеді.

– Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық кезеңде аса маңызды. Германия тарапының өтініші бойынша Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту – соның нақты мысалы. Жоспарланған шараларды тиімді жүзеге асыру үшін Штайнмайер мырзамен талқыланған бірнеше мәселені шешу қажет. Соның бірі – көлік-логистика байланысын күшейту. Бүгінде «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Біз мұны кездесу барысында ерекше атап өттік. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді. Штайнмайер мырза Батыс елдері басшыларының ішінде осы өңірге бірінші болып барғалы отыр. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Бұл саланың келешегі зор. Қазір Еуропа Одағында «Global Gateway» стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Президент баспасөз мәлімдемесінде халықаралық күн тәртібіне қатысты ой-пікірін білдірді.

– Әлемдегі түрлі саяси, экономикалық шиеленістер елімізді алаңдатып отыр. Әрине, барлық түйткіл халықтардың, болашақ ұрпақтың игілігі үшін бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Қазақстан дауласқан тараптарды бітімге шақырды. Оларға келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынды. Еліміз дауларды дипломатиялық жолмен шешу ісіне белсене атсалысуға дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Өз кезегінде Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

 

 

 

– Сіз Германия мен Қазақстан арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынас жөнінде айттыңыз. Шын мәнінде, біздің байланыстарымыз берік. Былтыр екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында ынтымақтастығымыз нығая түсті. Бұған Қазақстанда өмір сүретін неміс диаспорасы және Германия Федеративті Республикасына Қазақстаннан көшіп келген бір миллионға жуық немістер үлес қосты. Олар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандырды. Осы сапар арқылы екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарға қатысты ұстанымдарымыз ортақ екенін жеткізгім келеді. Өзіңіз атап өткендей, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен серіктестікті кеңейтіп, қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз, – деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

 

 

 

 

 

Германия Президенті өз сөзінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталды.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:http://aqorda.kz/kz/kazakstan-men-germaniya-prezidentteri-bak-okilderi-ushin-birlesken-malimdeme-zhasady-2052452

Profesyonel Emlak
ETİKETLER: , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , ,